Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«Өнер барысы»: Қанат Әлжаппаров турнирде ұятқа қалды (ВИДЕО)

Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дәстүрлі «Өнер барысы» турнирі өтті.  Тартысты өткен сайыс барысында ыңғайсыз жағдай орын алды, деп жазды turkystan.kz.


Әзілқой Қанат Әлжаппаров жарысқа «Трипл Қ» лақап атымен қатысып, өнер көрсеткен болатын. Боз кілемге аса ауыр салмақ дәрежесінде шыққан Қанат ыржыңдап, билеймін деп жұртты күлкіге біраз қарық қылды. Алайда, белдесу барысында өзінің турнирге дайындықсыз келгенін, тіпті, қазақ күресінің ережелеріне көңіл бөлмегендігін аңғартып алды.
Вайнер әрі блогер Біржан (Боран) Шөпбайға қарсы шыққан әзілқой алғашқы сәттердің бірінде қарсыласының шашына жармасып, жұлқып қалады. Мұны түсінбей қалған оның қарсыласы да, төреші де аң-таң.

Бұл сәтті төмендегі видеодан көруге болады:



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: