Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«БАҺАДҮР ЖАЛАҢТӨС» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

«БАҺАДҮР ЖАЛАҢТӨС» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, жырау Сардарбек Қожағұлдың Тұран жұртының ұлы қолбасшысы Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына арналған «Баһадүр Жалаңтөс» атты кітабы жарық көрді. 
Бүгін Қазалы ауданында аталмыш кітаптағы Жалаңтөс баһадүр туралы бірнеше тараудан тұратын жыр-дастанды он жырау жырлап, көпшілікті жаһұт жырмен сусындатты. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов С.Қожағұлды тарихи туындының жарық көруімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. 
Кеш соңында «Жалаңтөс батыр» атындағы қор атынан арнайы жүлдені иеленген Марат Сүгірбаев пен өзге де жырауларға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: