Театрдың бір жылдық еңбегінің нәтижесін байқайтын көптен күткен «Театр көктемі» фестивалі де өз мәресіне жетті. Фестивальдің қорытынды кешінде актерлерден бөлек, БАҚ өкілдері және биылғы маусымның басында жарияланған республикалық шығармашылық байқаудың да жеңімпаздары марапатталды. Бұл жөнінде Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы академиялық тетардың баспасөз қызметі хабарлады.
Театрдың бір жылдық еңбегінің нәтижесін байқайтын көптен күткен «Театр көктемі» фестивалі де өз мәресіне жетті. Фестивальдің қорытынды кешінде актерлерден бөлек, БАҚ өкілдері және биылғы маусымның басында жарияланған республикалық шығармашылық байқаудың да жеңімпаздары марапатталды.
«Жаңа көзқарас» атауымен өткен байқауға 23 шығарма келіп, соның ішінен оқ бойы озып шыққан санаулы жас драматург өздеріне тиесілі жүлдеге ие болса, театр әртістері:
– Үздік қойылым үшін «Бас жүлде» – «Қорқыттың көрі» (авторы Иран-Ғайып, режиссеры – Йонас Вайткус)
– «Үздік ер адам бейнесі» – «Қорқыттың көрі» аңыз дастанындағы Қорқыт ата ролі үшін Дулыға Ақмолда;
– «Үздік әйел адам бейнесі» – «Жүз жылдық махаббат» драмасындағы Зылиха, «Шыны хайуанаттағы» Аманда және «Отелло» трагедиясындағы Эмилия ролі үшін Дәрия Жүсіп;
– «Үздік тұсаукесер» – «Отеллодағы» Дездемона және «Қорқыттың көріндегі» Сарын-Ару ролі үшін Мәдина Келгенбайға;
– «Сахнадағы үйлесім актерлық дуэт» – «Жүз жылдық махаббат» қойылымындағы Мағжан мен Мәдина, жас Зылиха ролі үшін Алмас Шаяхметов пен Ләззат Қалдыбекова;
– «Есте қалар кейіпкер» – «Шыны хайуанаттағы» Лаура ролі үшін Наз Жекенова;
– «Үміт» жүлдесі – «Дон Сезар де Базан» комедиясындағы Дон Сезар ролі үшін Ғалымбек Оспанов марапатталды.