Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА «ТЕҢІЗІМ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

АРАЛДА «ТЕҢІЗІМ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

 

Күні кеше, аудандық мәдениет үйінде қазақстандық режиссер Катерина Суворованың "Теңізім" ("Завтра море") деректі фильмінің тұңғыш көрсетілімі өтті.
Фильмді түсіруге шамамен 4 жыл уақыт кеткен. Катерина Суворованың айтуынша, басты мақсат - Арал теңізінің жағасын мекен еткен халықтың қазіргі тұрмысын шынайы бейнелей отырып, олардың не себепті тартылған теңіздің жағасынан кеткісі келмейтіндігін жеткізу болатын.
Айта кетейік, фильмнің әлемдік премьерасы халықаралық Locarno International Film Festival кинофестивалінің аясында өткен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: