АСТАНАДАҒЫ ҒАРЫШ МҰРАЖАЙЫНДА «БУРАННЫҢ» МАКЕТІ ОРНАТЫЛДЫ
Астанадағы ашық аспан астындағы мұражай экспозияциясы «Буранның» макетімен толықты.
Еске салсақ, Астана күніне орай Қызылорда облысының тартуы ретінде ашық аспан астындағы мұражай үлгісіндегі зымыран-ғарыштық техника экспозициясының таныстырылымы өткен болатын. Зымыран-ғарыштық техника экспозициясының ашылуына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.
Айта кетейік, ашық аспан астындағы мұражай экспозициясы Астананың сол жағалауында 1,4 гектар аумақта орналасқан. Осыған дейін көрме аумағында «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасығыштарының шынайы көлемдегі үлгілері қойылған болатын. Сондай-ақ техникалық сипаттамалары, жасалу және қолданылу тарихы, яғни зымырандар туралы барлық ақпарат көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер орнатылған.
«Буран» - бұл «Энергия-Буран» бағдарламасы аясында құрылған кеңестің қайта пайдалануға болатын көлік кеңістігінің орбиталық кемесі. «Энергия-Буран» халықаралық ғарыштық станциясын құру кеңестік ғарыш тарихындағы ең ауқымды және қажырлы еңбекті қажет еткен бағдарлама болды. 18 жыл ішінде халықаралық ғарыштық станциясы үшін 1286 кәсіпорын мен ұйымдарда, 86 министрлік пен ведомстволарда 1 миллионнан астам адам жұмыс істеді, елдің ірі ғылыми-өндірістік орталықтары тартылды. «Буран» ғарыш кемесінің қонуы үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында ұшу-қону жолағы жақсартылған «Юбилейный» аэродромы салынған.