О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХҮІІІ облыстық байқауына қатысқан қазалылық талапкер жүлделі қайтты.
Бұл шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттау, ел арасынан талантты жастарды табу мақсатында өтті. Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктелген 16-22 жас аралығындағы 20-ға жуық талапкер қатысып, өзара бақ сынасқан болатын. Нәтижесінде №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Гүлбаршын Аманкелді жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.