Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында филармония әншісі, бірнеше халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, жас әнші Бекзат Молдабергеновтың «Ғажайып күндер» атты ән-кеші болып өтті.
Кеш барысында жергілікті композиторлар С.Ұлықпанұлы, А.Алмағамбетов, Б.Батпанов, Н.Бердіқожаның әндері жанды дауыста нақышына келтіріліп орындаса, осы кеште Бекзат өзінің «Ұнатпаймын» атты авторлық әні мен М.Әбуқасымовтың «Тәтті мұң» атты әнінің тұсауын кесіп, алғаш көрерменге ұсынды. Сонымен қатар, концертте «Тұран» триосы, «Томирис» би ансамблі және филармония әншілері Н.Нұраддинова, О.Нұралиевтермен бірге Бекзаттың өнердегі достары, жайдарманшылар Асылхан Дүкенбаев, Данияр Бекжанов өнер көрсетті. Аталған көңілді ән кешінде Сыр жастары мен қала тұрғындарының көңілі көтеріліп, кеш иесіне ризашылықтарын білдірді.