ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА МҰХТАР НИЯЗОВ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде және «Volkswagen» жеңіл автокөлігі жерлесіміз Мұхтар Ниязовқа берілді. Бірінші орын және «Лада» автокөлігін Қытайдан келген ақын Ұларбек Минетхан жеңіп алды. Екінші орын және 700 мың теңгеден елордалық айтыскерлер Сара Тоқтамысова мен Серікзат Дүйсенғазинге берілді. Үшінші орынды қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен қарағандылық Дидар Қамиев еншіледі. Олардың әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Қытайдан келген айтыскер Ерлан Аманқожа, Монғолия қазақтары Ерлан Дәулет пен Серік Қуанған, Мақсат Аханов (Қарағанды), Болатбек Оразбаев (Алматы), Айтбек Тұрсынбаев (Тараз), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) және Қалижан Білдәшов (Шымкент) 150 мың теңгеден ынталандыру сыйақысына ие болды.
Қырғызстаннан келген ақындар Элмирбек Иманәлиев пен Асылбек Маратқа 400 мың теңгеден арнайы сыйақы және Манас батырдың күріштен жасалған картинасы табысталды.