Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалылық ардагерлер өнер көрсетті

Қазалылық ардагерлер өнер көрсетті

 

Қазалы ауданының өнерпаз ардагерлері жергілікті жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынды.  Әрбір үйдің тамырын тереңге жайған бәйтерегі, ақылман ата-әжесі болып отырған жандар ән мен жырдан шашу шашып, көпшіліктің көзайымына айналды.
Мерекелік шара барыыснда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов ардагерлердің қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Ел арасындағы татулық пен ауызбіршілікті насихаттау, нығайту жолында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардың орны ерекше екендігін тілге тиек етті.
Құрамында әр саланың ардагерлері бар «Атамұра» ансамблі мерейлі мерекеде жиылғандарға осылайша тамаша көңіл-күй сыйлады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: