Елімізге белгілі актриса Лидия Кәденова әже атанды. Бұл жайында «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды деп хабарлайды Seykhuninfo.kz тілшісі.
С.Майғазиев «Кеше ғана Дидарымыз @didarkaden сары ауыз балапан еді, АЛЛАның қалауымен бүгін өзі әке атанып отыр. Балапанның бауы берік болсын! Келін екеуің Ермек ағамның ұрпағын өрбітіп, Лидия жеңгеме немере сыйлаудан талмаңдар» деп жазды.
Сондай-ақ, бұл жайында Дидар Кәден де instagram парақшасында «Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір!!! Құттықтауларыңызға раxмет!!! Сүйдім» деп жазған.
Дидар Кәден әнші, актер. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Лидия Кәденова 1952 жылы 17 ақпанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауылында туған. 1974 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген, театр және кино әртісі. .Ол өнер жолындағы алғашқы білімін 1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесінен бастайды. Бұдан кейін Лидия Тажадинқызы Алматыдағы Құрманғазы атындағы конесерваторияның актерлік бөліміне түседі. Сол кезде жас қыздың талантын байқап оқуға қабылдаған Ыдырыс Ноғайбаев пен Рабиға Қаныбаева болатын. 1974 жылдан бері - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жастар театрында актриса. Сонымен қатар, «Тамаша» әзіл-сықақ театрында ойнаған. 1991 жылы ҚР Еңбек сіңірген әртісі атағын алды.