«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ ӨТТІ
10-20 қараша аралығында республика аймақтарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Зорлық-зомблықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өтті.
Науқанның мақсаты – балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемалары және оның балаларға мен ересектерге салдары, сонымен қатар, осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру.
18-20 қараша күндері балалар әдебиеті бөлімінде «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесіне зорлық-зомбылық туралы кітаптар, заңдардан үзінділер және суреттер қойылды. Оқырмандар зорлық-зомбылыққа қарсы өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауаптар алды. Шараға №12, 140, №101 орта мектептердің оқушылары қатысты.