Бүгінде елімізге танымал әнші Серік Ибрагимов кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Оны жерлестері де әрдайым әңгіме етіп отырады. Осы орайда жаңақорғандық өнер иесі Талап Тотаевтың мыне бір әңгімесі оқырманды қызықтыратыны анық.
– Осы Серіктің кішкентай кезіндегі бір әңгімесі есімде қалып қойыпты. Ауданға "Әнші балапан" байқауына келіпті. «Түгіскен» ауылының клуб меңгерушісі Бақыткүл Тасқожаева «Талап, келесі тур азанға қалды, мына баланы үйің жақын ғой, үйіңе апарып қондыр" деді. Сол кезде Серік менің жанұяма «Жарғанат неге сұлу емес?» деп сұрақ қойып, өзі жауап берді. «Баяғыда аққу құсына қауырсын жетпей қалыпты. Алла Тағала барлық құсқа бір қауырсыннан беруді талап етіпті. Барлығы бір қауырсыннан берсе, жарғанат ақкөңілдігінен барлық қауырсынын бере салыпты. Аққу содан кейін сұлу құс болып шығып, ал жарғанат жиіркенішті бола шығыпты. Ұялғанынан түнде ұшатын болыпты». Бірақ бір қызығы осы әңгіме, Серіктің өзінің есінде қалмапты, дейді ол facebook парақшасында.