ТҮГІСКЕН АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ӨНЕРІМЕН КӨПШІЛІК ҚҰРМЕТІНЕ ИЕ БОЛДЫ (ВИДЕО)
Қызылордалық айтыскер Мейірбек Сұлтанхан әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегі видеоны жүктеді. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.
Оған қоса өзінің пікірін де білдіріп өткен. Онда айтыс ақыны "Нағыз таланттар ауылда жүр деген осы ғой. Кеше жолым түсіп Жаңақорған ауданы, Түгіскен деген ауылға барып едім. Жаңағы сөзге тағы бір көз жеткіздік. Ауылда қарапайым тракторшы болып жүрген Асылжан деген ағамыз екен бұл. 9 скоросты бар Беларус айдайтын Асекең алты шекті де азынатып тұр. Алматыда құрылыста жасап жүрген кезінде Республика Сарайында өткен "Наурыз Думан” атты концертте өнер де көрсеткен екен. Өнер жолын түбегейлі қумаса да, қара жұмыстан қолы босағанда гитарасын жаны сүйіп шертетін Асылжанды тыңдап көріңіздер. Сайқымазақ Сайлаубектен тұлға жасап жүрген сайтсымақтар, жарияласаңдар осындай тасадағы талантты жігіттердің өнерін жариялаңдаршы” дейді.