Бүгін бір кітап оқып отырып үтік деген сөзді көзім шалды. Оған "киімнің қыржымын жазу үшін қыздырылып басылатын темірден жасалған бұйым" деп анықтама беріпті. Өз-өзіме сене алар емеспін. Бұл кітап 11-ғасырда жазылған ғой. Мәссаған, сонда үтіктің тарихы 17 ғасырдан басталады деп жүргендері жалған болды ғой.
Содан көз алдыма "киімді үтіктеп киіп алып, ат үстінде қаққан қазықтай отырған, бес қаруы сай бабаларымызды" елестеттім. Пах, шіркін, неткен бекзат болмыс!
11 ғасырдың өзінде бізде сондай мәдениет болған. Ол кезде кейбір ел киімін үтіктеп кию былай тұрсын, лыпамен ғана өмір сүрді ғой. Рухани отарланғанымыз сондай бабаларымыз жасаған өркениет пен мәдениетті ұмытып қалыппыз ғой.