Рысқалы кесенесі жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш қатарына жатқызылады. Ол Арал ауданы, Аманөткел ауылынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде орналасқан.
Ескерткіш дөңгелек – жоспары жағынан екі камералы, сазды ерітіндіде аршылмаған кірпіштен тұрғызылған құрылыс.
Кесенеге жоспары жағынан тікбұрышты кіреберістің алдындағы бөлме (3,7х1,2 м) арқылы кіреді және ол батысқа қарай бағытталған. Кіреберістің алдындағы және жерлеу камералары ортаңғы меридианды белағаш бойына орналасқан. Жерлеу камерасының ортаңғы бөлігінде жерленген орын орналасқан және ол күмбезбен жабылған. Жерлеу камерасының ішкі диаметрі – 0,7 м, қабырғаларының қалыңдығы – 1,2-0,8 м. Сақталып қалған қабырғаларының биіктігі – 4,45 м, кіреберіс камерасының биіктігі – 2,25 м. Кіреберіс бөлменің биіктігі – 2,25 м.