Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Сәкен Майғазиев: Сыр елінің ауызбіршілігіне, қонақжайлығына қатты сүйсіндім

Бүгін ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сәкен Майғазиев пен «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында қалың көпшіліктің сүйікті бағдарламасына айналған «Қазақстан дауысы» жобасы туралы және шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.


-«Қазақстан дауысы» жобасы жоғары рейтинг көрсеткен шоу бағдарламаның бірегейі. Сыр елі, жыр елінің мақтанышына айналған Құралай Мейрамбектің жеңісімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Құралай Мейрамбекқызы нағыз талант иесі. Себебі, жобаға алғаш келгеннен өзін жан-жақтан көрсете білді. Орындаушылық шеберлігі арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Алдағы уақытта шығармашылығын дамыту мақсатында жаңа әндер жарық көреді. Әлемдік деңгейдегі байқауларға қатысу да жоспарымызда бар. Биік белестерден көріну жолында бірігіп еңбек ететін боламыз. Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сыр елінің ауызбіршілігіне, қонақжайлығына қатты сүйсіндім, - деді Сәкен Майғазиев.
Брифинг барысында Құралай Мейрамбек БАҚ өкілдеріне алдағы жоспарымен бөлісіп, үлкен қолдау білдірген Сыр халқына өз алғысын жеткізді.
-Бүгінгі «Алғыс айту»  мерекесімен сіздерді құттықтаймын! «Қазақстан дауысы»  жобасындағы жеңісім мен үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта ән қоржынымды жаңа әндермен толықтырамын. Осы орайда жобадағы тәлімгерім Сәкен ағама алғысым шексіз, - деді Құралай Мейрамбекқызы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: