Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Сырдарияда ауылдық клуб ашылды

Сырдарияда ауылдық клуб ашылдыСырдария ауданындағы С.Сейфуллин ауылында 150 орындық клуб ауыл тұрғындарына есігін ашты. Клуб құрылысын мердігер «Орион LTD» ЖШС-і жүргізді.
Жобаның жалпы сметалық құны – 172,488 млн. теңгені құрайды. Мекемеде 7 штат бірлікпен 8 қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Ән үйірмесі», «Домбыра үйірмесі», «Жас қалам жас жазба ақындар үйірмесі», «Қобыз үйірмесі» жұмыс жасайды, үйірмеге барлығы 63 өнерпаз тартылған. Жалпы қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сонымен қатар биылғы жылы Іңкәрдария ауылында салынып жатқан клуб құрылысы, Тереңөзек кентіндегі орталық кітапхананы қайта жаңғыртудан өткен ғимаратқа көшіру, Айдарлы ауылындағы жаңа клуб құрылысына әлеуметтік сала нысандары құрылысын қаржыландыруға аудан қазынасынан қомақты қаржы бөлінді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: