Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлының 60 жылдық мерейтойына орай, «Қазақ руханияты: әдебиет, тарих және өнер» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. 
Конференция жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Зейнол-Ғабден Бисенғали, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Жандос Смағұлов, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Жамал Манкеева, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының профессоры Зәуреш Ерназарова, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков және университет ғалымдары, орта және жоғары оқу орындарынан келген ұстаздар, облыстың зиялы қауым өкілдері, студенттер, магистранттар және докторанттар  қатысты. 
Жиын барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ұлағатты ұстазды мерейлі мерекесімен құттықтап, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтің Құрмет грамотасын табыстады. 
Конференция аясында университеттің «Ғибратты ғұмыр» сериясы бойынша ғалымның 60 жылдығына арнап шығарылған кітаптың және «Тағдыр» атты публицистикалық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Конференция одан әрі 3-секциялық жұмыспен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: