Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА‬ НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНУДА

АРАЛДА‬ НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНУДАБүгін жер ананың бойы бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі. Бұл мерекені Арал ауданының халқы ерекше шаттықпен тойлауда. 
Тойдың басы 20 наурыз күнігі саяси науқанда жеңіс тұғырынан көрінген «Нұр Отан» партиясы атынан додаға түскен аудандық мәслихат депутатарын құттықтаумен басталды. Сондай-ақ «Нұр Отан» деп ұрандаған жастар флешмоб биін биледі. 
Салтанатты шарада аудан әкімі Абзал Мұхимов аудан халқын мерекемен құттықтап сөз сөйлеп, жыл басталғалы бері ауданның жеткен жетістіктеріне тоқталды. 
-«Бақыт құсы тек ынтымақты елге қонады, бейбіт елде береке болады» деген халқы даналығын ескерсек еліміздің жеткен әрбір жетістіктерінде аралдықтардың бекем бірлігі мен табанды тірлігі басты рөл атқарды. Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!-, деді аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: