Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАРҒА «СЫР ҮМІТІ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАРҒА «СЫР ҮМІТІ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫҚызылордада көшбасшы жастардың дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығы табысталды. Марапатты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тапсырды. 
Өзінің алғысөзінде Қырымбек Көшербаев облыста жастарға сапалы білім беру, тұрақты жұмысқа орналасу және өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқандығын айтты. 
- 200-ге жуық қызылордалық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды, олардың 80 нен астамы Қызылорда облысында жұмыс істейді. 20 мыңнан аса қыз-жігіт «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. Республикада алғаш рет біздің облыста еңбек ресурстарының балансы құрылды. 391 студент Сыр еліне қажетті мамандықтар бойынша Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында білім алуда, 4 мыңға жуық жас түлек «Серпін» бағдарламасымен оқып жатыр. 512 озат оқушы облыс әкімінің грантына ие болды. Биыл алғаш рет облыста шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев атындағы сыйлықты табыстадық. Келешекте бұл дәстүр жалғасын табатын болады,- деді облыс әкімі. 
Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: