Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА АРАЛДЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР КҮНІ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА АРАЛДЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР КҮНІ ӨТТІЕртеден қаймағы бұзылмаған қалпын сақтаған көршілес Арал мен Қазалы аудандарында елдің ауызбірлігі мен өзара татулық жақсы үндестік тапқан. 
Оған дәлел қазыналы Қазалы ауданында өткен Арал күндері. Бұл мерекелі күн қос ауданды одан әрі жақындастыра түсті. Игі іске бастамашыл болған аудан әкімдері Абзал Сансызбайұлы мен Нажмадин Шәкизадаұлы. 
Қазалыдағы Арал күні алдымен Арал ауданының тыныс тіршілігі, ата кәсібінің қалыптасуы мен төл өнерінің майталмандарын танытатын көрмеден басталып, екі ауданның жас өрендерінің концерттік бағдарламасына жалғасты. Мерекелі күн әрі қарай Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде Арал ауданы өнерпаздарының «Армысыңдар, Қазалылық бауырлар, Арал келді, жырын төгіп, қабыл ал!» атты кешіне ұласты. Кеш соңында қос ауданның басшылары сөз сөйлеп, мұндай мәдени байланыстың алдағы уақытта дәстүрлі жалғасын табатындығын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: