Қызылорда қаласындағы Әбділдә Тәжібаев атындағы кітапхана қорына мыңға жуық әдеби туынды тапсырылды. Өңірдің ақын-жазушылары бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күнінде осындай тарту жасады.
Бүгін сондай-ақ «Кітапханадағы түн» акциясы өткізілмек. Шара барасында жұртшылық түн жарымға дейін рухани шығармаларды оқып, құнды деректерге қаныға алады.
- Бұрынғы алғашқы Қасым Аманжоловтың басылымдары, өте құнды материалдар, деректерге бай журнал кітапханаға сыйға беріліп жатыр. Бұл кітаптардың бәрі өз оқырмандарын табады деп сенеміз. Бұл өзі құнды тарту болды, - дейді кітапхана директоры Гүлжамал Мырзамұратова.
Биылғы «Кітапханадағы түн-2015» Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналмақ. Айта кету керек, акция биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан бүгін акция барысында кішкентай оқырмандар үшін де көптеген шаралар ұйымдастырылмақ.