Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының қашан үйленетінін айтып берді


Әнші Димаш Құдайбергеннің қашан үйленіп, отау құратыны жайлы сауал көпшілікті мазалайтыны анық. Әсіресе қыздар қауымы сүр бойдақтың жүрегін жаулаған арудың бар-жоқтығын біле алмай әлек. Осыған орай, өнер иесінің әкесі аталмыш сауалға жауап берді. Қанат Айтбаевтың айтуынша, ұлы "өзі қалаған уақытта үйленеді" деп жазады KAZ.NUR.KZ Liter.kz-ке сілтеме жесап.
Әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының алдағы жоспарлары мен Нью-Йоркегі концертінен алған әсерлерімен бөліскен.
Оның сөзінше, жұлдыздың қашан үйленетіні әзірге белгісіз екен.
"Ол әлі жас. Үйленгісі келсе үйленеді, тағы да біраз күте тұрыңыздар. Әйтеуір бір күні үйленетіні аян", - дейді Қанат Айтбаев.
Сонымен қатар, ол Димаштың АҚШ-тағы концертінен кейін оған біраз күш жинап, тынығуы қажет екенін мәлімдеген.
"Өткен концерттен алған әсеріміз зор. Әрине оған көп күш жұмсалғаны да белгілі. Сағат айырмашылығының да әсері көп болды. Қазір ағзаны қалпына келтіруге біраз уақыт керек.
Десе де барлық күш-жігерімізді жұмсасақ та, ол сол тынымсыз еңбегімізге тұрды. Себебі өздеріңіз ойлап көріңіздер, қазақ халқының әндері мен домбыра әуені және Қазақстан атауы әлемдік сахнада паш етілді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш", - деп атап өтті ол.
Естеріңізде болса, Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Arnau tour ENVOY" деп аталатын алғаш концертін өткізген еді. Оған әлемнің көптеген елдерінен әншінің жанкүйерлері жиналған болатын.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өнер иесіне "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Сондай-ақ ол Ақтөбе облысының құрметті азаматы атағына ие болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: