Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда ауыл клубында 3D фильм көрсетеді

Қазалыда ауыл клубында 3D фильм көрсетедіҚазалының Абай ауылында жаңа клуб бой көтерді. Енді ауыл азаматтарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай бар. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов іске қосылатын жаңа мәдени ошақтың жұмысымен танысты. 
Екі қабаттан тұратын ғимарат заманауи талапқа сай салынған. Клубта кітапхана және сурет, драма, би мен музыкалық білім беретін үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Клубтың тағы бір ерекшелігі – мұнда 3D фильмдер көруге де мүмкіндік бар. Ауылдық клубтың салтанатты ашылу рәсімі келесі аптада өткізілмек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: