Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордалық суретші «Құрмет» орденімен наградталды 

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты шарада мәдениет пен өнерге қосқан зор үлесі үшін Аманкелді Кененбаев «Құрмет» орденімен наградталды. 


Аманкелді Кененбайұлы КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.  
1982 жылдан бастап республикалық, шетелдік, халықаралық көрмелерге, пленэрлерге, симпозиумдарға қатысып келеді. Франциядағы Ножан Сюр-Марн қаласында орнатылған халықтар тәуелсіздігі үшін күрескер Мұстафа Шоқай бюстінің, Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр ескерткішінің авторы. 
2012 жылы Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық New York Realism Fine Art «Жер, уақыт, адамдар» конкурстық көрмесінің жоғарғы марапаты «Алтын қыран» медалінің иегері. 
2015 жылы New York Realism Fine Art ұйымдастыруымен Токио қаласында NIW галереясында өткен халықаралық көрмеге қатысқан. 
2016 жылы Манхэттен галереясында (АҚШ, Нью-Йорк) Визуальді өнер фестивалінде Expressionism категориясы бойынша «Saint Michael» Алтын медалімен марапатталды. 
2018 жылы Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Сұлутөбе» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Шығармашылық жұмыстары ҚР мемлекеттік музейлерінде ҚР Президентінің Резиденциясында және дүние жүзі коллекционерлерінің қорларында сақтаулы. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: