Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Энергетика министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді 

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. 
Министр Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова алдымен «Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамына барып, компания жұмысымен танысты.
Аталған нысан 1964 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде онда 1016 адам қызмет атқарады. Компания аймаққа электр энергиясын беру және таратумен айналысады. Қазіргі таңда облыс бойынша электр желілері желілерінің ұзындығы 10 046,3 км құрайды, оның ішінде әуе желілері 9924,4 км, кабельдік желілері – 121,9 км.
Қазіргі таңда «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның электр желілері мен жабдықтарының 72%-ның тозығы жеткен. Делегация «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның музейін аралап, кәсіпорынның өткен тарихын шолды.
Мұнан соң министр мен облыс әкімі «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен көрді. Аталған орталық 1964 жылы іске қосылған және облыс орталығын орталықтандырылған жылумен қамтитын бірегей нысан. Орталыққа қарасты қала бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 186,8 км құрайды.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қос нысанды жаңғырту бойынша Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевқа ұсыныстарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: