Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Шиелі ауданы шаруаларына жер телімдері қайтарылды

Шиелі ауданы шаруаларына жер телімдері қайтарылдыПрокуратура органдары Шиелі ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтарының жерлерін тыйымнан босатты. Бұл туралы кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы орталық коммуникациялар орталығында Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың БАҚ өкілдерімен өткізген брифингінде белгіілі болды. 
2003 жылы «Томирис ЛТД» ЖШС құрылып, оның құрамында Шиелі ауданындағы «Шиелі авангард», «Жаңа Бестам», «Қаптағай-К», «Ынтымақ ГТ» ЖШС-мен бірігіп жұмыс істей бастаған. Сонан соң «Томирис ЛТД» ЖШС «Дихан» күріш компаниясы ЖШС болып қайта құрылады да, жоғарыда аталған шаруа қожалықтарының құрылтайшысы болып БТА банк АҚ-мен тікелей несиелік келісімшартқа отырып, 2,6 млрд теңгеден аса қаржы алған. 
Шаруашылық серіктестіктердің басым бөлігінің «Дихан» күріш компаниясы ЖШС-не қарызы болмаса да, аталған компания бұл серіктестіктермен қосымша бірлескен жауапкершілік жайлы келісімшарт жасап, өз қарызын шаруашылықтарға бөліп берген. 
Осыған орай, көктемде аталған 4 шаруашылық серіктестіктердің барлығының мүліктеріне, жер үлестеріне тыйым салынған. Алданған шаруашылық басшылары бұған дейін барлық тиісті құзырлы орындарға өз мұң-мұқтажын айтып, өтініштермен шыққан. Алайда олар бір-біріне сілтеумен сырғытпа жауап берумен шектелген. 
Шаруаларды сандалтқан мәселе облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында серіктестіктердің жер телімдерін тыйымнан босату жөнінде прокуратура органдарының қаулысы қабылданды. Аталған шаруа қожалықтарының жер телімдері Шиелі аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтті. Бүгінгі күні шаруа қожалықтары 2015 жылдың көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын жүргізуде. 




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: