"Nur Оtan"партиясының праймеризі: Қызылордада 502 кандидат тіркелді
Қызылордада үстіміздегі жылдың 17-29 тамыз аралығында праймеризге қатысушыларды ұсыну мен тіркеу жүргізілді.
Жалпы І кезеңнің қорытындысы бойынша 508 үміткер ұсынылып, оның 502-і кандидат ретінде тіркелді. Ал 6 адамның өтініші кері қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте "Nur Оtan"партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова мәлімдеді.
-Облыс бойынша 502 азамат кандидат ретінде тіркеліп, ал 6 адамның өтініші тіркелмей, кері қайтарылды. Себебі, 5 адам
"Праймериз" ақпараттық жүйесіне партия мүшесі ретінде тіркелеміз деп, кандидат ретінде ұсынылып кеткен. Ал 1 азамат кандидат ретінде тіркелуге 2 рет өтініш берген. Өңірде кандидат ретінде тіркелген 502 азаматтың 164-і әйел,оның ішінде, 22-і көпбалалы ана. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 31 тамызында праймериздің ІІ кезеңі басталды. Яғни кандидаттар 1 апта бойы үгіт материалдары мен кездесу кестелерін дайындайды. Ал 7 қыркүйекте праймериздің ІІІ кезеңіне көшіп , өздерінің үгіт жұмыстарын бастайды. Канидаттар бұл кезеңде негізінен онлайн форматта кезудеслер өткізіп, өздерінің үгіт материалдарын тарата алады. Бірақ, үгіт материалдарын жапсыруға және баннерлер орнатуға болмайды,-деді Ләйлә Бегалықызы.