«БАЙҚОҢЫР» ИНВЕСТФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ОБЛЫС ДАМУЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
VІІІ «Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау:
-Қызылорда облысы қарқынды дамуда, мұнда құрылыс алаңдары мен жобалық-сметалық құжаттар әркез дайын тұрады. Облыс осы көрсеткішімен өзге аймақтарға үлгі бола алады, -деп атап өтті.
Сондай-ақ, форумның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Мишель Петерманс, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман, Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов және өзге де қатысушылар сөз сөйледі. Барлығы да Қызылорда облысының даму қарқынын жоғары бағалап, іскерлік ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.