Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЮРИЙ ПЯ МЕН ИЛЬЯ ИЛЬИН «СЫР ЖАНАШЫРЫ» МАРАПАТЫН АЛДЫ


Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада «Туған жерге тағзым» форумы өтті.
Шарға еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қызылордалықтар арнайы келіп қатысты. Аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін Сыр елінің бірқатар тумаларына «Сыр жанашыры» марапаты табысталды. Олардың ішінде әйгілі зілтемірші Илья Ильин мен кардиохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя, «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми зерттеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов және т.б. бар.
Форум аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы әк зауыты, Қызылорда қаласындағы мал бордақылау және сою бекеті, Шиелідегі құс фермасының 2 цехы ашылды. Сонымен қатар, Ресейде білім алып жатқан сырбойылық студенттер тікелей байланысқа шығып, жерлестерін мерекемен құттықтады. Телекөпір арқылы Арал ауданындағы асфальтбетон зауыты мен облыс орталығындағы шыны пластикалық құбыр шығаратын зауыт та тікелей байланысқа шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: