Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Сайлау-2021: Шетелдік байқаушылармен кездесу өтті

Алда өтетін сайлау барысының ашық және заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған Байқаушылармен жұмыс және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық штаб жетекшісі Ж. Тұсмағамбетов шетелдік байқаушылармен және бірқатар қоғамдық ұйым жетекшілерімен сайлауалды кездесулер өткізді.
2020 жылғы 18 желтоқсанда Ж. Тұсмағамбетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) ұзақ мерзімді байқаушылары Инго Бютнер (Германия) және Оствальд Андреймен (РФ) кездесті. Екі азаматта ЕҚЫҰ құрамындағы елдерде өткен сайлау барысына байқаушы ретінде қатысқан білікті сарапшылар. Кездесуде Ж. Тұсмағамбетов шетелдік байқаушыларды облыстық штабтың жұмыс барысымен таныстырып, өзара пікір алмасты.
Сайлау күні облыста 376 сайлау учаскелерінде қоғамдық байқаушылар сайлау барысына мониторинг жүргізетін болады. Қоғамдық байқаушылардың қатарында қоғамдық ұйымдардың белсенді азаматтар мен өкілдері бар. Олардың қатары күн санап артып келеді. 
Сондай-ақ, 2020 жылғы 22 желтоқсан күні облыстық штаб төрағасы Ж. Тұсмағамбетов «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшелерімен кездесті. 
Кездесуге қатысушылар алдағы сайлаудың ашық және заңнамаға сәйкес өткізілуіне қоғамдық ұйымдар тарапынан мониторинг қалай жүргізілетіндігі туралы пікір алмасты. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: