Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Әр саланың озат қызметкерлері марапатталды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық драма театрында өткен салтанатты жиында әр саланың озат қызметкерлерін марапаттап, жыл бойы еңбегімен көзге түсіп, шәкірттері білім бәсекесінде топ жарған ұстаздарға 900 мыңнан астам біржолғы қаржылай сыйақы сертификатын табыстады.


Аймақ басшысы Сыр жұртшылығын келе жатқан мерекемен құттықтап, өткен жыл толағай табыстар мен ілкімді істерге толы болғанын еске салды. 
“Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – туған жеріне жанашыр әрбір азаматтың еселі еңбегінің жемісі деп білемін.  
Барыс жылы – Тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, Сыр елі үшін де берекелі, ырысы мол, саяси оқиғаларға толы жыл болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен Сыр елінде тың жобалар өркен жайып, ауқымды инвестициялар тартылып, тіректі салаларда серпінді қадамдар жасалды.
Өңірімізде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Индустрияландыруды дамыту аясында өңірде жалпы құны 613,1 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл – 6,8 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 
Өздеріңіз білесіздер, кешегі аптада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында негізгі инфрақұрылымдық, су шаруашылығы, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң бағасын берді. Біздің ұсыныстарымызға қолдау білдірді”, - деді Н.Нәлібаев.
Аймақ басшысы биыл өңірде ашылған әлеуметтік нысандар, тұрғын үй, жүзеге асырылған инвестициялық жобалар мен алдағы уақытқа қойылған межелі міндеттерді атап шықты. Оның ішінде, тозығы жеткен жылу электр орталығының орнына түрік инвесторларымен бірге жаңа ЖЭО іргетасын салу, көптен бері күткен ірі өндірістердің бірі - шыны зауытын іске қосу, қалалық автобус паркін 100 жаңа қоғамдық көлікпен толықтыру, 9 елді мекенді газдандыру секілді жетістіктер мен келер жылға жоспарланған 23 көпқабатты тұрғын үйді салу, облыс орталығына тағы да 150 жаңа автобус жеткізу, 15 газдандыру жобасын іске асыру секілді жұмыстар бар. Мұнан бөлек, Қызылордада Өнер орталығы, «Қан орталығы», «Неке сарайы», «Оқушылар сарайы», «Анаға тағзым» орталығы, халықаралық әуежай, стадион және өзге де көптеген жаңа нысандар бой көтермек.
Жыл қорытындысына арналған салтанатты жиында сала озаттары мен түрлі номинация иегерлері марапатталды. Оның ішінде, 30 жылдам астам уақыт табиғат қорғау саласында қызмет атқарып, Арал теңізінің тартылған табанына сексеуіл егіп, ауданның экологиялық аймағын жасыл желекке айналдыруда өзіндік үлесі бар орман күтушісі Мұратбек Смайлов, 40 жылдан аса еңбегі бар ветеринар Сейілхан Орынбаев, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, жыл сайын 12 мыңға науқастың аяққа тұруына септігін тигізіп келетін көпбейінді облыстық ауруханасының нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Рүстем Баешов секілді өз ісінің нағыз шеберлері құрмет төрінен көрінді. Ақпарат саласының алғы шебінде жүрген журналистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен меценат азаматтар құрметке кенелді. 
Ал, еңбегімен төрге озған үздік мұғалімдерге 1 миллионға жуық теңгелік сертификат табысталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: