Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Өңірдің межелі міндеттері сараланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтың өзекті мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты.


Мәжілісте Қызылорда қаласы мен аудандарда жүзеге асырылатын жобалар талқыланды. Сонымен қатар, келесі аптаға жоспарланған Қызылорда облысының дамуы перспективалары бойынша Үкіметте өтетін арнайы жиын мәселелері пысықталды.
Еске салсақ, Үкімет басшысының Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланып, бірқатар тапсырмалар берген болатын. Аймақ басшысы келер аптада Астанада өтетін аталмыш жиында аталған тапсырмалардың орындалу барысын баяндайды.
Сонымен қатар, жауапты орталық атқарушы мемлекеттік органдар да өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат береді. 
Сондай-ақ, бүгінгі жиында аймақтың қоғамдық-саяси ахуалының өзекті мәселелері талқыланып, аймақ басшысы қала және аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: