"Нұр Отан" Жаңақорған аудандық филиалында төраға сайланды
Бүгін, 3 наурызда аудандық мәдениет үйінде "Нұр Отан" партиясы, Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс XV конференциясы болып өтті.
Конференцияға "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар жетекшілері, колледж студенттері қатысты. Конференцияда "Нұр Отан" партиясы, Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Руслан Рүстемұлы сайланды. Жиын барысында сөз алған аудан басшысы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді.
Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев хабарлама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиын соңында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов сөз алып аудан әкімі Руслан Рүстемұлының жұмысына сәттілік тіледі.