Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

1

Қызылордада жем шығаратын зауыт ашылды

Қызылордада жем шығаратын зауыт ашылды Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін және 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты ашылды. Өндіріс орнында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты. 
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылып жатқан зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. 
Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. 
– Соңғы екі жылда Сыр елінің ауыл шаруашылығына тартылған қаражат мөлшері 7,7 есеге өсті. Біздің диқандар екі жыл қатарынан бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, күріштің мол өнімін жинады. Бүгінде Сыр маржанының экспорттық әлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалуда. Егін шаруашылығын әртараптандыру үшін өзге де өнімдерді субсидиялауды қолға алдық. 15 мың гектар жерге тамшылатып суару тәсілімен жүгері мен қызанақ егіп, оларды өндеп экспортқа шығару үшін крахмал, томат сығындысы мен шырын өндіру зауыттарын салуға кірістік. Мал шаруашылығына келетін болсақ, биыл біз буферлік аймақтан шығып, өзімізді де етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа да шығара бастауға жол аштық. Осыған орай Жаңақорғанда 7 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорын құрылысын бастап жатырмыз. Осының бәрі өңдеу өнеркәсібінің өсуіне зор мүмкіндік береді, -деді облыс әкімі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айта келіп, жаңа зауытттың іске қосылуымен құттықтады. 
- Бүгін Қызылордада Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында екі бірдей зауыттың іске қосылуына куә болдық. Бұл өнеркәсіп орындары аймақтың экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Алда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру керек,-деді ол. 
Айта кету керек, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрама жем өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кәсіпорын басшысы Бақдәулет Мақашев бұл жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын және макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда олардың барлық ғимараттары салынулы тұр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Алибек
8 мамыр 2021 15:41
Менде осындай жем шығаратын завод ашқым келеді Алматы облысынан қайтарымсыз грант ұтып болмаса басқа жолын қарастырып ол үшін не ден бастасам болады.