Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЕЛДІҢ ЖАҢА САТЫСЫ ҚАЛЫПТАСПАҚ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында саясаттанушы Сәулет Сахиев айтты.
– Жалпы, дүние жүзінде болып жатқан жайттарды бағалай келе, Қазақстанның қауқары 30 елдің қатарына қосылатын деңгейде болуы қажет. Бұл Елбасының міндеті.
Еліміздегі ең басты мәселе - жаңа технологияларды түрлі салаларға ендіру. Рас, жаңа технологиялар, инновациялар, ІТ жүйелері қолданыста бар. Бірақ, әлі де болса, оларды ендіру мәселесі баяу жүруде. Сондықтан, түрлі салаларды жаңа технологиямен қамту, өндірісті автоматтандыру алға қойылатын басты мақсатымыз болуы керек. Елбасы сонымен бірге, білім саласына көп көңіл бөлуді міндеттейді. Көптеген елдерде білім сапасына, бала тәрбиесіне көңіл аударады. Мәселен, Жапонияда 2 сыныптан бастап оқушыларға ғылыми жоба жаздыртады. Бұл жұмыстар баланың ойлау қабілетін, интеллектісін жоғарылатады. Қазіргі таңда, бұл тәжірибе біздің мектептерде де жүзеге асуда. Адам өзінің дамуында бүкіл мүмкіншілігін көрсету қажет. Ал, біздегі білім саласында бұл баяу жүруде. Елбасы осы жайтқа мән береді.
30 елдің қатарына кіру үшін әрбір қазақстандықтың өзінің сұраныстары мен өмір сүру деңгейі жоғары болуы тиіс.
Саясаткер ретінде Жолдауда ұнаған тұсы ол Елбасы біздің Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің жағдайын жақсартудан бөлек, 2018 жылдан бастап бауырлас, өзімізбен бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің Президенттікке мүмкіншілігінің болуы. Бұл - демократиялық елдің жаңа сатысы, – деді Сәулет Сахиев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: