Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

"НҰР ОТАН" АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

"НҰР ОТАН" АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫБүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс – қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов баяндама жасады. Оның айтуынша, Қызылорда облысында білім, денсаулық сақтау, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру сияқты әлеуметтік маңызды салаларда бірқатар жетістік бар. 
– Біздің есебімізше, 2013-2015 жылдары облыста құрылыс, әлеуметтік нысандарды және жолдарды жөндеу секілді 420 жақсы жаңалық болыпты. Орташа есеппен әрбір үш күн сайын жағымды жаңалық орын алған,- деді Н.Байқадамов. 
– Расында, облыста атқарылған жұмыс аз емес. Бірақ бұл тоқмейлісуге болады деген сөз емес. Бізге партияның қолдауы және бақылауы қажет. Мысалы, партия мүшелері халыққа қарапайым тілмен қазіргі дағдарыс кезінде үлкен той жасап, шығынға батудың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек. Одан да сол қаржыны балалардың оқуына немесе баспаналарына жұмсағаны абзал, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, жиында Саяси кеңесі Бюросы жұмысының регламенті мен Қызылорда облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы туралы ережесі, жұмыс жоспары, қабылдау кестесі бекітілді. Басқосуда 4 адам партия мүшелігіне өтті. Аймақ басшысы жаңа партияластарына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: