Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қарақұмда дауыс берген 100-ші тұрғынға сыйлық табысталды

Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық округі Абай ауылындағы № 1 сайлау учаскесінде 100-ші болып дауыс берген ауыл тұрғынына сыйлық табысталды.
Жүзінші сайлаушы болып таңдауын жасаған ауыл тұрғыны Нұржанова Марал:
- Бүгінгі науқанның ауыл халқы үшін мәні зор. Себебі тұрғындар ауыл әкімін өздері таңдайды. Мен де бүгін қалаған үміткеріме өз дауысымды бердім. Бүгінгі науқанда жүзінші тұрғын ретінде сайлау учаскесі тарапынан сыйлық берілгені күтпеген жағдай болды. Барлығы сәтімен болсын. Ауылымыздың гүлдене беруіне тілектеспін, - деді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: