Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АЙМАҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

АЙМАҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫБүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: Әлеуметтік жаңғыру» атты ҮІІ Аймақтық Азаматтық форумы басталды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын форумның ерекшелігі биыл Азаматтық Альянсы Қауымдастығының 10 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Форум аясында алдымен секциялық жұмыс ұйымдастырылды. Панельдік секциялар «ҮЕҰ құқықтық қызметін жетілдіру», «Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен байланысы» тақырыбында өтті. 
Азаматтық форумға қатысу үшін үкіметтік емес ұйым, этномәдени орталық, партия, бизнес-құрылымдардың басшылары, кәсіподақ өкілдері және басқа да аймақтағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Форум облыс әкімінің қатысуымен пленарлық отырыспен жалғасатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: