Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАРЛЫҒЫ 3 МЛРД. 376 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ


2017 жылы республикалық, облыстық, қалалық бюджеттерден қала инфрақұрылымын дамытуға барлығы 3 млрд. 376 млн. теңге бөлінді.
Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала халқының алдында есеп беру кездесуінде мәлім етті.
Ауыз су, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн. теңге, Ұлттық қор есебінен 545 млн. теңге бөлінді.
Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд. 44 млн. теңгеге қаламызда 34,4 шақырым ауыз су, 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті.
Соңғы 5 жылдың ішінде Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд. (15 млрд. 548,7 млн.) теңгеге жуық қаржы тартылды.
Қазіргі таңда, Республика бойынша қалаішілік су құбырлары 60 пайыздан астам толық жаңартылған, толығымен таза жер асты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір қала – Қызылорда қаласы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: