Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Аймақ басшысы қос мерейтой иесін құттықтады


Облыс әкімі Қ.Ысқақов мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір мен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Сәдуақас Аңсатты қабылдап, мерейтойларымен құттықтады. Әбдіжәлел Қошқарұлының 80 жасқа толғанына орай "Құрмет" грамотасын ал, Сәдуақас Әбдіқадырұлына 75 жасқа толғанына Құттықтау хаты табысталды.
Әбдіжәлел Қошқарұлы 1940 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы пединституттың, қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін әдебиет факультетін үздік дипломмен тәмәмдаған. Еңбек жолын Сырдария ауданының Киров колхозының мектебінде мұғалімдіктен бастап, 1965 жылы Қызылорда қалалық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметімен жалғастырған. Партия, комсомол органдарында әртүрлі жуапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1995-1999 жылдардағы шақырылымдарының депутаты. Мәжіліс депутаты ретінде еліміздегі «БАҚ туралы», «Жарнама туралы», «Тіл туралы» Заңдардың қабылдануына ерекше үлесін қосқан. Әбдіжәлел Бәкір 2008 жылы он баспа «Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралын дайындаған.
Сәдуақас Аңсат 1945 жылы 12 қаңтарда Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дүниеге келген. 1967 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Институт бітірген соң «Қызылорда құрылыс» тресіне қарасты «Құрылыс материалдары комбинатына» арматура цехының шебері болып орналасқан. Архитекторлық қызмет атқара жүріп, мемлекеттік қызметке араласа бастаған. 1972-2010 жылдар аралығында мемлекеттік қызметпен қоса түрлі қызметтер атқарған. 2010 жылдың қараша айында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып сайланған. 2013 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жанынан республикалық «Тіл сақшысы» газетін ашып, осы уақытқа дейін аталған басылымның бас редакторы қызметін атқарып келеді. Ел мүддесі жолындағы еңбектері бағаланып, бірқатар медальдармен марапатталған. Сонымен қатар, Қармақшы ауданының және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы атағын алған.
Аймақ басшысы қос мерейтой иесін құттықтап, жылы лебізін жеткізіп, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты.
Қабылдауда қос мерей той иесін құттықтап, лебізін білідіруге "Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер", Қызылорда облысының "Құрметті азаматы" Тұрғанбай Маханов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің Алқа мүшесі Махмұтбай Әміреев, Мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетовте қатысты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: