Биыл түрлі салада жаңадан 9 мың 500 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
- Жұмысынан қысқарған жағдайда адамдардың басқа мекемелер мен компанияларға орналасуға мүмкіндік алады. Әлбетте, жұмыстан босап, жаңа орын табу оңай емес. Дей тұрғанмен, барлық мемлекеттік органдар тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетін болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.