Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Коронавирус: Облыс әкім аймақ дәрігерлерінің еңбегін жоғары бағалады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавируспен күрес бағытында аймақ дәрігерлерінің ерен еңбегін жоғары бағалады.
«Жаһанды жайлаған пандемия кезеңінде медицина қызметкерлері "COVID-19" вирусымен алдыңғы шепте күресіп жүр. Олар еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, халықтың қорғаны һәм қалқанына айналды. Сондықтан жоғары мадақ пен ерекше құрметке әбден лайық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін қаржылай және рухани қолдау керектігін тапсырғаны белгілі. Осы ретте, вируспен күреске жұмылдырылғандардың барлығы өздеріне тиесілі үстемақыларын алады», - деді облыс әкімі әлеумттік желідегі парақшасында.
Одан әрі облыс әкімі «Елеулі еңбектері ескерусіз қалмайды. Қазір олар дұрыс тамақтанып, тыныға да алмай жүр. Жақындарымен мүлде жүздеспейді. Сол себепті ақ халаттыларды барынша қолдауымыз керек. Кеше мен халық саулығын қорып жүрген дәрігер, мейіргер, мейірбике және медицина көлігін жүргізушілермен телефон арқылы сөйлестім. Жеке өзімнің және аймақ жұртының атынан алғыс білдірдім. Сындарлы сәтте сырқатқа қасқая қарсы тұрған ақ халаттыларға амандық пен мұқалмас жігер тіледім. Біз әрқашан біргеміз!», - деді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: