Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА ПРОГРЕСС


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Рухани жаңғыру" орталығы Тәрбие және білім бөлімінің меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова айтты.
– Елбасы кезекті жолдауын төртінші өнеркәсіптік революция деуінің маңызы зор. Себебі, алғашқы өнеркәсіптік революция 1760-1840 жылдары басталды. Механикаландырылған өндіріс саласы бойынша теміржол құрылысы дамып, бумен жұмыс істейтін двигательдер пайда болды. 2-ші өнеркәсіптік революция - 19 ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасыр басында техника мен электр жүйесінің дамуымен басталды. Ол кезде жаппай өндіріс дәуірі болды. Келесі компьтерлік революция. 1990 жылдары ЭВМ машиналары, компьютерлер, интернет жүйесі қосылды. 4-ші өнеркәсіптік революция ол цифрлық жүйе. 10 жылға жетпей интернет бүкіл дүниежүзіне тарады. Бұл физикалық, цифрлік, биологиялық домендардың синтезі. Тіптен алғанда, цифрлық технология адамның генасындағы ақпаратты оқудан нанотехнологияларға дейін іс-әрекет жасай алатын дәрежеге жетті.
Прогрестің негізгі көрсеткіші - азаматтық қоғамның, әрбір адамның осы технологиялық жаңалықтарды түсіну, қабылдау, іске
асыру болып табылады. Себебі, цифрлық технологияға көшкенде пайда болатын ерекшелік: саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы өзгерістерді өзіне қарай концентрация жасайтын жаңа қоғам қалыптастырады. Сонымен бірге, жаңа технологиялық қалыпта адами капиталды да жаңғырту керек. Себебі, Елбасының өзі "Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық", - деді Әлима Әбдіхалықова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: