Қызылорда облысының экономикалық әлеуетін бағалай келе, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтарлықтай жоғары екендігін атап өтті.
Оның айтуынша, аграрлық-индустриялық өңір болып табылатын Қызылорда облысында мұнай-газ саласы, уран өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы дамуда. «Дәстүрлі түрде облыс күріш өсіруден көш бастап тұр, өңір республикада өндірілетін күріштің 90%-н өндіреді. Географиялық жағынан қолайлы орналасуы, табиғи-ресурстық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті облыстың еліміздің оңтүстік бөлігіндегі логистика орталығы болуына мүмкіндік береді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралі облыстың барлық 7 ауданын және Қызылорда қаласын қамтиды», - деді Д. Ақышев.
Сонымен бірге ол инфляция және облыстың жалпы өңірлік өнімі бойынша статистиканы келтірді, оның Қазақстан Республикасы ІЖӨ-дегі үлесі ағымдағы жылғы 6 айда 2,8%-ды құрады. Қызылорда облысындағы инфляция деңгейі ағымдағы жылғы 11 айда 6,8% болды, бұл 7,5% құраған республикалық деңгейден төмен. «Жылдық инфляция 2016 жылғы қарашада 7,4% болды, бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады», - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев.