Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылорда облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалдыӨткізілген конкурс нәтижесі бойынша облыс әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен Тлеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының басшысы Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын - инженер-құрылысшы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің арматуршысы ретінде бастаған. 1985-2010 жылдары облыстың құрылыс мекемелерінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2013 жылдары - «Оңтүстік» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығы болса, 2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: