ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
6 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің жаңа кеңесшісі Болат Рамазановты таныстырды.
Болат Мінайдарұлы 1968 жылы туған. Мәскеу тау-кен институтын «тау-кен инженері» және Еуразиялық нарық институтын «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1990 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тау-кен ісі институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1993-2014 жылдары жеке сектор мен ұлттық компанияларда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2014 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін «Шалқия-Цинк ЛТД» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
Болат Мінайдарұлы өңірге инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарымен айналысып, инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын болады.