Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Облыс әкімі мемлекеттік сатып алу бағытында атқарылған жұмыстарды саралады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік сатып алу бағытында атқарылған жұмыстарды саралады. Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық өткен жылдан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. 
2021 жылға облыс тапсырыс берушілерімен жалпы сомасы 88,8 млрд. теңгеге 2722 сатып алу жоспарланған. Оның 42,4 млрд.теңгені құрайтын 1294 сатып алуы жарияланып, аяқталған 154 сатып алу нәтижесімен 1,1 млрд.теңге үнемделген. 
Жарияланған сатып алулардың 456-ы басқармамен ұйымдастырылса, қала мен аудандардың бірыңғай ұйымдастырушылары тарапынан 648 сатып алу өткізілсе, қалған 190 сатып алу тапсырыс берушілермен дербес жүргізілуде.
Айту керек, барлық жарияланған конкурстардың ішінде заңнамада белгіленбеген біліктілік талаптарын қою, стандарттарды көрсетпеу, жеткізу мерзімдерін бұзу себептерімен 9 конкурстың күші жойылған. 
Қабылдау соңында аймақ басшысы Алтынай Қуандыққызына мемлекеттік сатып алудың рәсімдік сатыларын ескере отырып, бюджет қаражатының уақытылы игерілуі үшін барлық жоспарланған сатып алудың жариялануын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, саладағы негізгі мәселелерге қатысты мамандарды оқыту шараларын ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: