Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

ОБЛЫС ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫҚырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірауық Сатыбалдиевтың шаңырағына құттықтап барды. 
Қазан айында Әбдірауық ақсақал 92 жасқа толады. 1942 жылы ол Кеңес Әскері қатарына шақырылып, сержант шенін алады. Содан соң 361 дивизия құрамында Ленинградты азат етуге қатысты. 1945 жылы ол Жапонияда соғысқа қатысып, Хайлар қаласынан жеңіспен оралды. 
Облыс әкімі ардагерді мерекесімен құттықтады, зор денсаулық тілеп, арнайы сыйлық тапсырды.
Мамыр айының алғашқы жартысында Қызылорда облысында кезекті Жеңіс күніне арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі: кітап көрмелері, интеллектуалдық ойындар, Қарттар үйінде соғыс туралы фильмдер, ардагерлермен кездесу және т.б. 9 мамыр күні «Тағзым» алаңында әскери шеру өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: