Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 
Саяси кеңес отырысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Н.Нәлібаев қатысты. Күн тәртібінде "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының 2016 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары және "Нұр Отан" партиясының "2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бағдарламасының білім саласы бойынша орындалуы туралы екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қамтылып, қаулылар қабылданған соң «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев жиынды қорытындылады.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Саяси кеңес мүшелері, бірқатар сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: